"Өз көзіңмен көр"
    Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде 2024 жылдың 11 қаңтар күні Өз көзіңмен көр нашақорлықтың алдын алу профилактикалық шарасына сәйкес колледждің 1 курстың 10 студентімен колледж медбикесі Г. Сейтеновамен бірге Қармақшы аудандық ауруханасының наркология кабинетіне барып, нарколог дәрігері Ысқақ Арайбек Муттахиұлы мен кездесіп, нашақорлықтың алдын алу шаралары және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың зияны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    «Оқуға құштар колледж» жобасы
    «Кітап әуесқойы» акция.
    Адами қасиеттердің ішіндегі ең ұлысы-кітап: ол адамзаттың рухани байлығының әлемі. Сондықтан жастарымыз кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Осыған байланысты 2024 жылдың 11 қаңтар күні Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің оқу залында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Кітап әуесқойы» тақырыбында акция өткізілді. 

    «Жыл қорытындысы-2023»
    Колледждің оқу жылындағы басты бағыты – тәрбие мен білімді ұштастыра отырып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Осы орайда колледж инженер-педагогтары ғылыми шығармашылық жұмыстармен айналысып, облыстық, аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.
    2023 жылдың 28 желтоқсаны күні колледжде 2023 жылда атқарлыған жұмыстарын қорытындылау мақсатында «Жыл қортындысы-2023» болып өтті. Колледж директоры Б.Сайдуллаұлы ұжымды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, «Жыл үздіктерін» марапаттады: