«Машиналар мен жабдықтарға техникалық күтім жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында ашық сабақ.
    2023 жылдың 23 қараша күні Ашт-22/9 оқу тобында «Машиналар мен жабдықтарға техникалық күтім жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында ашық сабақ өтілді.

    «Алаш деп ұрандаған ұлы ақын» атты облыстық мүшайра
    Облыстық оқу орталығы мен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі ұйымдастырған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында ұйымдастырылған «Алаш деп ұрандаған ұлы ақын» атты облыстық мүшайраға Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің Ас-23/11 оқу тобының І курс студенті Қойтбай Гүлбейне (жетекшісі қазақ тілі пәні оқытушысы Н.Абдиева) облыстық мүшайрада үздік танылып, ІІІ Дәрежелі Дипломмен марапатталды.
    Гүлбейнені жеңісімен құттықтаймыз!

    << Құқықтық тәртіп >> жедел-профилактикалық іс-шарасы
    ҚР ІІМ Көліктегі ПД-нің нұсқауына сәйкес, Жосалы ст. ЖПб-нің қызмет ету аймағында 2023 жылдың 20-30 қараша аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуіне байланысты 30-ші қараша күні Жосалы ст. ЖПб-нің бастығы полиция майоры К.Әлиевтің бастамасымен және ППт полицейі полиция аға сержанты М.Бертаев Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі