19 желтоқсан 2023жылы Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында атты студенттердің кәзіргі заманға сай білімді, мәдениетті, адамгершілік, имандылық сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңіру кітап оқу арқылы жол табатын болғандықтан, кітапты көбірек оқуға баулитын «Отбасы тәрбиесінің кітап оқуға әсері» тақырыбында тренинг өткізілді.
    Мақсаты: Отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету. Отбасы тәрбиесінің мән - маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге, кітап оқуға баулу.

    «Дұрыс тәрбие –балаға өмірлік азық»
    2023 жылдың 13 желтоқсан күні Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудан әкімі жанындағы комиссияның көшпелі отырысының 2023 жылғы 28 қарашадағы №22 хаттамасындағы тапсырмасына сәйкес І,ІІ,ІІІ курс бойынша жасөспірім студенттерінің ата-аналарына «Дұрыс тәрбие-балаға өмірлік азық» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.