2019 жылдың 27 маусым күні Қармақшы аграрлы техникалық колледжінде «Білім әлемінен –жарқын болашаққа» тақырыбында колледждің ІІІ курс бітіруші түлектеріне диплом беру салтанатты жиыны өткізілді.
Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы, «Нұр Отан» партиясының Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Буханов Дастан Әбдібекұлы , «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы, аудандық қоғамдық кеңесінің төрайымы Раева Гүлжаухар Төлегенқызы , аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Ермекбаев Арман Серікұлы, «Қамқоршылық кеңес» төрайымы Досниязова Сұлу және ата –аналар қатысты . «Электр жабдықтарға қызмет көрсетуші электромонтер»,«Көліктерді жөндеуші шебері» , «Тігінші» , «Ауылшаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист» біліктіліктері бойынша 73 бітірушіге дапломдары табысталды және Хабитқызы Перизат, Шәкімбаева Гүлнаурыз үздік диплом иегері атанды. Бітіруші түлектерге колледж директоры Айекенов Исламбек Сәдібекұлы үлгілі тәртібімен үздік оқыған ,спортта жоғары жетістікке жеткен, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан, облыстық ,республикалық байқаулардан жеңімпаз атанып, үздік деп танылған студенттерге алғыстарын білдіріп марапаттады және де жиынға қатысушы қонақтар, ата-аналар бітіруші түлектерге жылы лебіздерін білдіріп, Жаңа өмірлеріне ақ жол, сәт сапар тіледі.