- Super User
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 66
Тәттіден қол үзбейік!
Аспаз деген өте жоғары, дәрежелі мамандық. Бұл мамандықтың қиындығы сонда, аспаздықты тек оқу арқылы игеріп кете алмайсыз, оған адамның бойында осы керемет мамандыққа деген бейім, қызығушылығы және дарыны болуы керек.
20 қазан күні Қармақшы аграрлы –техникалық колледжінде 25-қазан Република күніне орай «Аспазшылар» күнін атап өту мақсатында
«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының студенттерімен ұйымдастырылған «Тәттіден қол үзбейік!» атты жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкені «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының оқытушылары Н.Төреахметова, С.Танатова және Г.Алиевалар ұйымдастырды.