«ELECTRICAL SKILLS»
    Қызылорда облысының білім басқармасы облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинеті) мен «ORDA» жоғары колледжінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 22 желтоқсан күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларына арналған «Энергетика» күніне орай өткізілген «ELECTRICAL SKILLS» облыстық байқауында Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің ІІІ курс Э-21/9 оқу тобының студенті Иман Дәуренжан жетекшісі А.Қартаңбаева қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

    «Бабалар үні» Ауызша журнал
    2023 жылдың 21 желтоқсанында Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің оқу залында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Бабалар үні» тақырыбында ауызша журнал өткізілді. Іс-шараны тарих пәнінің оқытушысы Гүлмира Жетібаева ұйымдастырды. Жалпы «Бабалар сөзі-даналық көзі» деген тақырып жастардың патриоттық сезімін ояту. 

    Интернеттегі қауіпсіздік жөніндегі кеңестер
    Қармақшы аграрлы –техникалық колледжінде 2023 жылдың 15 желтоқсан күні І,ІІ курс студенттеріне интернет қауіпсіздігі жөнінде кеңестер берілді.
    Мақсаты : студенттерге интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру, интернет желісіндегі әр түрлі блоктармен таныстыру.
    Әлеуметтік желі арқылы ойналатын ойындарға қатысуды шектеу, тыйым салынған сайттарды пайдаланбау, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас құрмау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.