Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде 2023 жылдың 15-24 қыркүйек аралығында «Еңбек күнін мерекелеуге» байланысты «Менің жетістігім-менің нәтижем» тақырыбындағы апталықтың жоспарына сәйкес

    «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық аздырар адам баласын» демекші, бүгінде екі қолға бір күрек табылатын нарық заманында құр жатуға болмайды. Елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік. Халық еңбекке бейім болса, ел ырысқа кенеліп, өзгелермен терезі теңеліп, бақуатты, бәсекеге қабілетті мемлекет болып нығаяды.

    Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде 2023 жылдың 15-21 қыркүйек аралығында «Еңбек күнін мерекелеуге» байланысты «Менің жетістігім-менің нәтижем» тақырыбындағы апталықтың жоспарына сәйкес 15 қыркүйек күні «Еңбек ерлері» атты ертеңгілікті колледж кітапханашысы Б.Тоқабаева жүргізді.