« Жас сарбаз » әскери-патриоттық үйірме

          2022 жылдың  04  наурыз күні Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде сыныптан тыс « Жас сарбаз »  әскери-патриоттық үйірме  жетекшісі Н.Сержановтың үйірме мүшелерімен « Калашников автоматын тазалап қарау, ату кезіндегі кідірістерді жою » тақырыбында практикалық сабағы өткізілді.

          Практикалық сабақтың мақсаты автоматтың керек жарақтары мен автоматты тазалау және майлау тәртібін білу; ввтоматты  сақтау мен  автоматты қарап тексеруді  үйрену; ату кезіндегі кідірістер мен оларды жою жолдарын табу;

          Практикалық сабақ барысында үйірме мүшелері  Е.Сансызбаев, Ә.Тәкіров, Р.Мейрамовтар автоматты тазалау мен майлау тәртібін жетік меңгерсе,  Д.Исаев, С.Айтбаев, Ж.Ақынғалиевтер автоматтан туындайтын кідірістерді анықтап,оларды жою тәртібін үйренді.

         Сабақты үйірме жетекшісі Н.Сержанов қорытындылап, белсенділік танытқан студенттерге алғысын білдірсе және директордың тәрбие жөніндегі орынбасары әскери есепке тіркелген үйірме мүшелеріне әскери есепке тіркелу куәлігін табыстады.