Құрметті сайттың қонақтары!

    Ізгі ниетпен, Қармақшы аграрлы - техникалық колледж директоры Сайдулла Бауыржан Сайдуллаұлы

    Менің блогыма қош келдіңіздер!
     
    Нет описания фото.
     

    Мен Сайдулла Бауыржан Сайдуллаұлы 1973 жылы наурыз айының 3 жұлдызында Қызылорда  облысы, Арал ауданында дүниеге келдім.

    Ұлтым -  қазақ.

    1980-81 жылдары Арал ауданы, Шижаға ауылында №57 октябрь орта мектебіне (қазіргі Елеу Көшербаев атындағы) 1 сыныпқа бардым.

    1989-90 жылдары №57 октябрь орта мектебін бітірдім.

    1991-92 жылдары Отан алдындағы азаматтық борышымды өтеп,(ЗГВ Германияда) әскер қатарында қызмет еттім.

    1993-94 жылдары «ҚызылордаРисмаш» зауытында тасқалаушы, Арал ауданы, Шижаға ауылындағы «Айгөлек» балабақшасында музыка жетекшісі қызметерін атқардым.

    1994-98 жылдары Қызылорда музыка колледжіне түсіп, М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжін «Оқытушы, хор дирижері» мамандығы бойынша бітірдім.

    2000-2003 жылдары Қорқыт-ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің  сырттай бөлімі бойынша «Тарих және география» мамандығы бойынша бітірдім.

    2000-2009 жылдар аралығында А.С.Макаренко атындағы мектеп-интернатында тәрбиеші, АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқардым.

    2009-2017 жылдар аралығында И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.

    2017 жылдан И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің «Кен орындарын игеру және пайдалану» мамандықтары бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарудамын.

     

     

     

    Директормен Whatsapp арқылы байланысу