Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде ұстаздар күні мерекесіне орай 2019 жылдың 30 қыкүйек пен 5 қазан аралығында «Ұстаз – ұлағатты тұлға» тақырыбында апталық болып өтті. Апталықтың бірінші күні «Ұстазыма рахмет» - атты алғыс жәшігіне  колледж студенттерінің ұстаздарға аранлған ыстық ықыластарын білдірумен басталды. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» - атты І-ІІ курс студенттері арасында эссе байқауы, «Ұстазыма рахмет»- тақырыбында сурет байқауы, «Салауттылық-өмір салтымыз, сергектік өмір қалпымыз» - тақырыбымен ұстаздар арасында спорт сайыстары болып өтті.

    Қармақшы  аграрлы-техникалық колледжінде  2019  жылдың  1 қазан күні .  Қарттар күніне орай «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» атты колледждің қарияларын құрметтеу мақсатында мерекелік шара өтті.

         Мерекелік шараға колледжде көптеген жылдар еңбек еткен, қазір таңда еңбектің зейнетін көріп келе жатқан қарияларымыз қатысты. Колледж директоры И.Айекенов  келген қонақтарымызға  ізгі тілегін білдірсе, студенттердің   ән-би  шашулары айтылды  және  кәсіподақ  ұйымының атынан  естелік сыйлықтар таратылды. Қонақтарымыз  бүгінгі шараға  өз ризашылықтарын білдіріп, жас жеткіншектерге ақ баталарын берді.

        2019  жылдың  27  маусым күні    Қармақшы аграрлы техникалық  колледжінде  «Білім әлемінен –жарқын болашаққа»  тақырыбында  колледждің  ІІІ  курс  бітіруші  түлектеріне диплом  беру  салтанатты  жиыны өткізілді.