2022 жылдың 04 наурыз күні Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде сыныптан тыс « Жас сарбаз » әскери-патриоттық үйірме жетекшісі Н.Сержановтың үйірме мүшелерімен « Калашников автоматын тазалап қарау, ату кезіндегі кідірістерді жою » тақырыбында практикалық сабағы өткізілді.
Практикалық сабақтың мақсаты автоматтың керек жарақтары мен автоматты тазалау және майлау тәртібін білу; ввтоматты сақтау мен автоматты қарап тексеруді үйрену; ату кезіндегі кідірістер мен оларды жою жолдарын табу;
Практикалық сабақ барысында үйірме мүшелері Е.Сансызбаев, Ә.Тәкіров, Р.Мейрамовтар автоматты тазалау мен майлау тәртібін жетік меңгерсе, Д.Исаев, С.Айтбаев, Ж.Ақынғалиевтер автоматтан туындайтын кідірістерді анықтап,оларды жою тәртібін үйренді.
Сабақты үйірме жетекшісі Н.Сержанов қорытындылап, белсенділік танытқан студенттерге алғысын білдірсе және директордың тәрбие жөніндегі орынбасары әскери есепке тіркелген үйірме мүшелеріне әскери есепке тіркелу куәлігін табыстады.
Құрметті сайттың қонақтары!
Ізгі ниетпен, Қармақшы аграрлы - техникалық колледж директоры Сайдулла Бауыржан Сайдуллаұлы
Менің блогыма қош келдіңіздер!
Мен Сайдулла Бауыржан Сайдуллаұлы 1973 жылы наурыз айының 3 жұлдызында Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келдім.
Ұлтым - қазақ.
1980-81 жылдары Арал ауданы, Шижаға ауылында №57 октябрь орта мектебіне (қазіргі Елеу Көшербаев атындағы) 1 сыныпқа бардым.
1989-90 жылдары №57 октябрь орта мектебін бітірдім.
1991-92 жылдары Отан алдындағы азаматтық борышымды өтеп,(ЗГВ Германияда) әскер қатарында қызмет еттім.
1993-94 жылдары «ҚызылордаРисмаш» зауытында тасқалаушы, Арал ауданы, Шижаға ауылындағы «Айгөлек» балабақшасында музыка жетекшісі қызметерін атқардым.
1994-98 жылдары Қызылорда музыка колледжіне түсіп, М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжін «Оқытушы, хор дирижері» мамандығы бойынша бітірдім.
2000-2003 жылдары Қорқыт-ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің сырттай бөлімі бойынша «Тарих және география» мамандығы бойынша бітірдім.
2000-2009 жылдар аралығында А.С.Макаренко атындағы мектеп-интернатында тәрбиеші, АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқардым.
2009-2017 жылдар аралығында И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.
2017 жылдан И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің «Кен орындарын игеру және пайдалану» мамандықтары бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарудамын.
- Super User
- Uncategorised
- Қаралды: 324
2020 жылдың 11 ақпаны күні Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде PISA халықаралық зерттеуіне дайындық бойынша семинар өтті.
2020 жылдың 11 ақпаны күні Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде PISA халықаралық зерттеуіне дайындық бойынша семинар өтті.
Семинарға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Аралбаева, әдіскер Р.Елдесбаева және колледждің жалпы пән оқытушылары қатысты.
Семинар мақсаты: PISA халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша ғылыми-жаратылыстану пәндері мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту, PISA халықаралық зерттеуіне пән оқытушыларының білім алушыларымен жүргізетін жұмыстарының жоспары және атқарылған жұмыстарымен танысу.
Семинар барысында Г.Аралбаева PISA халықаралық зерттеуінің тапсырмалары ерекшеліктеріне тоқталып, әр бағыт бойынша мысалдар көрсете отырып, тапсырмалардың жауаптарын пән оқытушыларымен талқылады.
Пән оқытушылары осы мақсатта жүргізіліп жатқан өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.